Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 377.62 EUR 426.03
RUB 5.67 CNY 55.78
Jańalyqtar

Ауа райы: Еліміздің басым бөлігінде жауын жауып, жел күшейеді

2018 жылғы 23 мамыр 06:40 110
Бөлісіңіз:
Ауа райы: Еліміздің басым бөлігінде жауын жауып, жел күшейеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жауын жауады, тек елдің батысы мен оңтүстік-батысында ғана күн ашық болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК-сы.

Ұқсас жаңалықтар
Қар, боран, көктайғақ: Демалыс күндеріне арналған ауа райы Бейсенбіде еліміздің көп бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, сәрсенбі күні кей жерлерде күн күркіреп, бұршақ жауып, жел күшейіп, шаңды дауыл көтерілуі, тұман түсуі ықтимал.

Шығыс Қазақстан облысының бірқатар аймақтарында бұршақ жаууы мүмкін. Сондай-ақ жел күшейіп, түнде оның жылдамдығы секундына 15-20 метр, күндіз 15-20, екпіні 23,28 метрге дейін баруы ықтимал.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз бірқатар аймақтарда бұршақ жауады. Жел секундына 15-20 метрге дейін, екпіні 23-28 метрге дейін күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының бірқатар аймақтарында жел секундына 15-20 метрге дейін күшейіп, шаңды дауыл көтеріледі. Оңтүстік Қазақстан облысында күндіз желдің екпіні секундына 23 метрге жетеді.

Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Екпіні кей жерлерде 23-28 метрге дейін барады.

Ақмола облысында жел түнде күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін барады, екпіні 23-28 метрге жетеді. Күндіз кей жерлерде жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқыса, түнде және таң ата тұман түседі.

Алматы облысында кей жерлерде желдің күші секундына 18-23 метрге жетеді, күндіз бұршақ жаууы ықтимал.

Қостанай, Қарағанды облыстарының бірқатар аймақтарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Қостанай облысында түнде тұман түседі. Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел секундына 18 метр болады. Күндіз Атырау облысының бірқатар аймақтарында күн қатты ысиды.

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қоғам, Ауа райы, Қазгидромет,
Бөлісіңіз:

Аударма:

Айдар Оспаналиев

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
MURAǴAT