Ауа райы: Еліміздің 6 облысында ескерту жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК еліміздің бірқатар өңірлерінде ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, 4 ақпанда Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде кей жерлерінде күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Қостанай облысының кей аумағы мен Қостанай қаласында тұман, көктайғақ болуы ықтимал.

4 ақпанда Шығыс Қазақстан облысында түнде қар жауып, күндіз кей жерлерде жауын-шашын (қар, жаңбыр) түсуі мүмкін. Кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 25 м/с жетеді.

Өскемен қаласында 4 ақпанда бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан секундына 15-20 метрге жететін жел соғады.

Семей қаласында бұрқасын, көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.

Орал қаласында тұман түседі.

4-5 ақпанда Қызылорда облысының кей жерлері мен Қызылорда қаласында тұман түсуі ықтимал.

4-5 ақпанда Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады. Көкшетау қаласында тұман, көктайғақ болуы мүмкін.

4 ақпанда Ақтөбе облысы мен Ақтөбе қаласында тұман, көктайғақ болады.

Атырау облысының кей жерлері мен Атырау қаласында тұман түсуі ықтимал.


Соңғы жаңалықтар