+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Ауа райы: Еліміздегі 7 облыстың аумағында жел күшейеді

2020 жылғы 6 тамыз 19:28
Бөлісіңіз:
Ауа райы: Еліміздегі 7 облыстың аумағында жел күшейеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елімізде 7 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қазгидромет: Қыркүйектің 24-і күнгі ауа райы болжамы Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады Үсік, тұман, жауын-шашын: Еліміздің 11 өңірінде ескерту жарияланды

7 тамызда күндіз Ақмола облысының солтүстік-батысында күн күркіреп, найзағай жарқылдайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Кей жерлерде жоғары өрт қаупі сақталады.

7 тамызда Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Сол күні таңертең Ақтау қаласында найзағай ойнап, күн күркірейді.

7 тамызда Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл соғады, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді. Күндіз облыстың оңтүстігінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Сол күні Ақтөбе қаласында найзағай ойнайды, солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, жаңбыр кезінде екпіні 18 м/с жетуі мүмкін.

7 тамызда түнде және таңертең Атырау облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды. Күндіз кей жерлерде солтүстік-батыс, солтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с. Күндіз 36 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі, өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Сол күні түнде Атырау қаласында найзағай ойнап, күндіз 35 градус қатты ыстықболуы мүмкін.

7 тамызда таңертең және күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді. Кей жерлерде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Ертең күндіз Шымкентте солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Ертең күндіз Түркістан қаласында солтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

7 тамызда Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Күндіз өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Ертең күндіз Қызылорда қаласында найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

7 тамызда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT