Ауа райы: Дүйсенбіде Қазақстанда боран, тұман, көктайғақ күтіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 4 наурызда Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжауынша, дүйсенбіде елісміздің басым бөлігінде жауын-шашын жауады, оңтүстіктегі таулы өңірлерде күндіз нөсер жаңбыр жаууы ықтимал. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейіп, бұрқасын соғуы ықтимал.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында жел 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с жетеді, кей жерлерде - бұрқасын соғады, тұман, көктайғақ күтіледі.

Қостанай, Қарағанды облыстарында кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с, Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, Қостанай облысында кей жерлерде жел 23 м/с күшейеді.
Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күшейеді. Алматы облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, жел 15-20 м/с күтіледі.
Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Күндіз Атырау облысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Соңғы жаңалықтар