Ауа райы: Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын жауады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын жауады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне сүйене отырып.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, Қазақстанның басым аумағында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын болады. Елдің оңтүстік-шығысында жауын көп мөлшерде жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейіп, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетіп, екпіні 23-28 м/с болады.

Павлодар, Қарағанды, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді.

Алматы, Түркістан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Атырау облысының бірқатар аумақтарында тұман түсіп, түнде желдің күші 15-20 м/с-қа барады.

Шығыс-Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсіп, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды.

Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.

Соңғы жаңалықтар