Ауа райы: Бүгін елдің басым бөлігінде жел күшейіп, жаңбыр жауады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның басым бөлігінде фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне сүйене отырып.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, еліміздің кейбір аумақтарында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстың кей жерлерінде мол көлемде жаңбыр жауады. Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, оңтүстік-батыста, орталықта және шығыста күн жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейіп, дауыл тұрады, бұршақ жаууы ықтимал.

Ақтөбе облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетіп, екпіні 23-28 м/с болады. Күндіз 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с және одан жоғары болуы ықтимал.

Қостанай облысының кей жерлерінде бұршақ жауу мүмкін, түнде желдің қарқыны 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с және одан жоғары болуы мүмкін деген болжам бар.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде түнде жел секундына 15-20 метр, күндіз 15-20, кей жерлерде 23-28 метрге дейін жылдамдықпен ұйтқуы ықтимал.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл тұрып, бұршақ жаууы ықтимал.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл тұрады, басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с болып, кей жерлерінде 23-28 м/с-қа дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Атырау, Алматы, күндіз Павлодар, Қарағанды, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді. Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.

Маңғыстау облысының бірқатар аумақтарында да тұман болады.

Қызылорда, Түркістан облыстарында, Жамбыл, Карағанды облыстарының кей жерлерінде, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында өрт қауіпі сақталады.



Соңғы жаңалықтар