Ауа райы: БҚО-да ескерту жарияланды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Батыс Қазақстан облысында желдің күшейетіні жөнінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде 27 желтоқсан күні желдің жылдамдығы секундына 17-22 метрге дейін жетеді. Күн жауын-шашынды болып, боран соғып, тұман түседі, көктайғақ болады.

Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті тұрғындар арасында төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында СМС-хабарламалар жіберуде. Тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып, өмірлік маңызы зор нысандардың қалыпты қызметін қамтамасыз ету бағытында шаралар қолға алынуда.

БҚО ТЖ департаменті, сондай-ақ көктайғаққа байланысты жергілікті сағат 16.00-ден бастап республикалық маңызы бар "Орал-Тасқала-РФ шекарасы" жолының жабылғандығын жеткізді. 

Өңірде соңғы күндері бұрқасын көтеріліп, әсіресе, жолға шыққандардың жағдайы қиындай түсуде. Бұл жөнінде аудан-ауылдардан вацап арқылы хабарлар келіп жатыр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да ауа райына байланысты ескерту жарияланғанын жазған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар