АУА РАЙЫ: Бірнеше өңірде ескерту жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

21 қаңтарда Түркістан облысының кей жерлеріне тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Дауыл соғу қаупі - 90-95%.

21 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысына түнде тұман түсіп, күндіз кей жерлерде боран соғуы ықтимал. Жел оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады, екпіні 25 м/с-қа жетуі мүмкін.

Өскеменде 21 қаңтар күні күндіз боран болып, оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с шамасында.

21 қаңтар күні Қостанай облысының кей жерлеріне тұман түсіп, боран болады. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Қостанайда 21 қаңтар күні батыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 18 м/с жетеді. Дауыл соғу қаупі - 90-95%.

Соңғы жаңалықтар