АУА РАЙЫ: Астанада және Қостанай облысында ескерту жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауа райына байланысты Астанада және Қостанай облысында ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Астанада 2-3 тамыз күндері найзағай жарқылдап, жел солтүстік-шығыстан, артынша оңтүстік-батыстан секундына 15 метр жылдамдықпен соғады. 2 тамыз күні түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.

2 тамыз күні Қостанай облысының кей аумақтарында күн күркіреп, жел солтүстіктен 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал.

Соңғы жаңалықтар