АУА РАЙЫ: Астанада және Қазақстанның үш облысында ескерту жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның үш облысында ауа райының күрт құбылуына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА сілтемемен.

«Қазгидромет» РМК жолдаған мәліметке сай, 12 тамызда Ақмола облысында кей жерлерде солтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с-ға жетеді. Түнде және таңертең найзағай ойнап, дауыл, бұршақ күтіледі.

Астана қаласында 12 тамызда түнде және таңертең найзағай ойнайды деп күтіледі; солтүстік-батыстан жел тұрып, екпіні 15-20 м/с-ға жетеді.

Дауылды ескертудің дөп келу ықтималдылығы 85-90 %

Одан бөлек, 12 тамызда таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Сондай-ақ,  Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады, тәулік бойы, кей жерлерде солтүстік-батыстан, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Дабылды ескертудің дөп келу ықтималдылығы 90-95 %.

Соңғы жаңалықтар