АУА РАЙЫ: Астанада демалыс күндері күн суық болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қысқа мерзімді ауа райы болжамдары басқармасының жетекші инженері Ирина Веревкинаның айтуынша, 27-28 наурызда Астана мен Ақмола облысының аумағы солтүстік циклонның әсерінде болғандықтан, алдағы күндері салқын ауа температурасы сақталадыы, деп хабарлады astana.gov.kz.

27 наурызда күн ала бұлтты, түнде және күндіз аздаған қар жауады. Бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын желдің жылдамдығы 3-8 м/с, кей жерлерде екпіні 12 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы -3;-5, күндіз -1;-3 болады. 28 наурызда елордада күн бұлтты болады, қар жауады. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы -13;-15, күндіз -5;-7 болады. 29 наурызда Астанада солтүстік-батыстан антициклонның келуіне байланысты ауа температурасы төмендейді деп күтілуде. Елордада күн ала бұлтты болады, жауын-шашын жаумайды. Солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы -17;-19, күндіз -9;-11 болады.

Соңғы жаңалықтар