Ауа райы: Алматыда жақын күндері қар жауып, күн жылиды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жақын күндері қар жауып, ауа температурасы көтерілуі ықтимал. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК ауа райын болжаушы мамандары айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мамандардың айтуынша, 12-14 ақпан аралығында қалада қар аралас жауын жауады. Ауа температурасы +3 +5 градус аралығында сақталады. Облыс аймағында тұман, көктайғақ болып, жел жылдамдығы 17-22 м/с көрсеткішіне жетуі мүмкін.

«Температура қалыпты көрсеткішке келді. Солтүстік-шығыс тропосфералық ағыны соққан кезде, уақытша күн суыған еді. Сондықтан, алдағы уақыттағы үш тәулікте Қазақстандағы ауа температурасы климаттық көрсеткіштерге жақын болады. Сондықтан, оңтүстікте циклон жауын шашын әкеліп, температураны жылытады. Ал Қазақстанның басқа аймағында жауын-шашын болмайды», - делінген синоптиктердің болжамында.
Айта кету керек, кеше Алматыда кешке жауын басталып, арты қарға ұласты.

Түнде ауа температурасының төмендеуіне байланысты көктайғақ болды. Жауған қарды тазалауға 860 техника мен 1320 жұмысшы жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар