Ауа райы: 17 ақпанда республиканың басым бөлігінде тұман, көктайғақ болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның басым аумағында атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне сүйене отырып.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, еліміздің көптеген аймақтарында жауын-шашын болады. Жауын тек еліміздің оңтүстік-шығысында ғана болмайды. Сондай-ақ кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады, жел күшейеді.

Жамбыл облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ болып, желдің күші секундына 15-20 метрге жетіп, күндіз екпіні 23-28 метр болады. Облыстың оңтүстік-батысында желдің жылдамдығы секундына 30 метр болады.

Түркістан облысында жел күшейіп, түнде кей жерлерде 15-20, күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Екпіні 23-28 метрге жетеді. Тау асуларында ол 30 м/с дейін күшейеді. Күндіз кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.

Алматы облысында кей жерлерде тұман, Жалаңашкөл ауданында жел 20-25 м/с, екпіні 28 м/с. Қызылорда облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ болады, жел 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын болуы ықтимал. Жел секундына 15-20 м/с жылдамдықпен үйтқиды. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, бұрқасын болады деген болжам бар. Жел жылдамдығы 15-20 м/с.

Ақмола, Қарағанды облыстарында көктайғақ болады. Атырау, Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман болады. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын болып, жел 15-20 м/с-ке күшейеді.

Павлодар облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Соңғы жаңалықтар