+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Ауа райы: 12 облыста ескерту жарияланды

2020 жылғы 16 қыркүйек 11:18
Бөлісіңіз:
Ауа райы: 12 облыста ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК еліміздің 14 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
«Қымбат жандар»: Жоғалған жандары іздеуге арналған тележоба эфирге шығады Қостанай облысында әйелдер күштерінің альянсы құрылды 21 қыркүйек. Туған күн иелері

16 қыркүйекте Ақмола облысында, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында желдің екпіні секундына 15-20 метр болады. Ақмола облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 28 метрге жетеді.

16 қыркүйекте Ақтөбе облысында найзағай ойнап, желдің екпіні секундына 18, Атырау облысында кей жерлерде найзағай, шаңды дауыл тұрып, желдің екпіні секундына 15-20 метр болады.

16-17 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысында желдің екпіні секундына 15-20 метр болып, күндіз секундына 25 метрге жетеді.

16 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысында, Қарағанды облысында, Қостанай облысында желдің екпіні секундына 15-20 метр болады. Қостанай облысында кей жерлерде бұршақ, тұман, дауыл болып, таңертең және күндіз кей жерлерде қатты жаңбыр жауады.

16 қыркүйекте Қызылорда облысында және Маңғыстау облысында күндіз найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрып, желдің екпіні секундына 15-20 метр болады. Күндіз өрт қаупі өте жоғары болмақ.

16-17 қыркүйекте Павлодар облысында және Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай ойнап, дауыл тұрып, күндіз бұршақ жауады. 17 қыркүйекте кей жерлерде қатты жаңбыр жауып, желдің екпіні секундына 15-20 метр болады.

16 қыркүйекте Түркістан облысында кей жерлерде шаңды дауыл тұрып, желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді, кей жерлерде секундына 23 метр болады.

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды ауа райының өзгерістерін бақылауға шақырады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT