Атышулы теннис кортының құрылысына Қарағанды облысының әкімі басқа орын іздеуді тапсырды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов ең ірі теннис орталығы салынады деп жоспарланып отырған аумақта болып қайтты. Өңір басшысы аталмыш спорт нысанына қатысты маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ерлан Қошанов үлкен теннис әуесқойлары үшін басқа орын табуды тапсырды. Облыс әкімі жоспарланған құрылыс орнында кейбір бағаналарды қалдырып, қоршау толығымен алып тасталмағанына наразылығын білдірді.

Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіров алдағы күндері жағдайды түзетуге уәде берді.

Сондай-ақ Ерлан Қошанов қала, парк басшылығына және өзінің әлеуметтік мәселелер және ішкі саясат жөніндегі орынбасарына бірнеше тапсырма берді.

null Біріншіден, орталық саябаққа табиғат ескерткіші мәртебесін қайтару қажет. Бұл жағдайда парк ерекше қорғалатын аумақ болады және болашақта ешкім бұл жерде қандай да бір құрылысты аша алмайды. Жергілікті билікке бұл мәртебені заңды түрде ресімдеу керек болады: нормативтік актіні қабылдау және құжаттарды ресімдеу үшін не істеу қажет екенін анықтаулары тиіс.

Сондай-ақ Ерлан Қошанов бір ай аралығында құрамында қаланың жанашыр азаматтары, щаһарда бұрыннан тұрып келе жатқан тұрғындар мен тәуелсіз экологтары бар Қамқоршылық кеңесін құруды тапсырды. Саябақта абаттандыру бойынша жоспарланған кез келген ұсыныстарды бірінші кезекте осы Қамқоршылық кеңесі талқылайтын болады.null

«Теннис орталығы үшін жаңа орын іздеңіздер. Республиканың теннис федерациясы осы мәселеге түсіністікпен қарайды. Олардың мәлімдемесін барлығымыз естідік. Шынымен де қомақты қаражат салуға дайын инвесторға басқа орын ұсыну қажет», - деді Ерлан Қошанов.

Облыс әкімі саябақты көгалдандыру жалғастырылатынын атап өтті. Ол қала тұрғындарын жаппай ағаш отырғызу акциясына қатысуға шақырды.

Ересектер мен балалар қайың аллеясында ұя орнататын науқанға қатыса алады. Белсенді демалыс үшін Ерлан Қошанов саябақ аумағында ашық спорт алаңдарын қалпына келтіруді ұсынды.

Соңғы жаңалықтар