Атыраулықтарға жеке үй салуға 1 мыңға жуық жер телімі беріледі

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау қаласының тұрғындарына жеке үй салуға 1 мыңға жуық жер телімі беріледі. Бұған қоса 3 мың жер телімінің жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін Атырау қаласының әкімі Алимұхаммед Құттұмұратұлы тұрғындармен есептік кездесу өткізді. Қала басшысы 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қортындылары туралы айтты.

Облыс орталығы мен оған іргелес орналасқан елдімекендердің тұрғындарын мазалайтын сұрақтың бірі - жеке үй салу үшін жер телімін алу. Қазір жер кезегінде 85 мыңнан астам адам тұр.

2018 жылы жергілікті билік 1999-2004 жылдары кезекке тұрған азаматтарға Зарослый елдімекенінен 870 жер телімін берді.

«Биыл осы елдімекеннен мыңға жуық жер телімін беруді жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, Еркінқала-3 ауылында 3 мың жер телімінің жобасы жасақталуда. Заңға сәйкес жер инженерлік коммуникациялар толық жүргізілгеннен кейін ғана беріледі», - деді Алимұхаммед Құттұмұратұлы.

Айта кетейік, 2018 жылы Атырау қалалық әкімдігі коммерциялық мақсаттағы 66 жер телімін сату бойынша үш аукцион өткізді. Нәтижесінде жалпы сомасы 19,3 млрд теңгенің 34 жер телімі сатылды.

«Қалған 32 жер телімін сату бойынша аукцион 22 ақпанда өтеді», - деп мәлім етті Атырау қаласының әкімі.

Соңғы жаңалықтар