Атыраулықтар Тәуелсіздік күніне орай қоғамдық көлікте тегін қатынап жүр

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Бүгін Тәуелсіздік күніне орай Атырау қаласының тұрғындары қоғамдық көлікте тегін қатынап жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, шаһар тұрғындары мен қонақтары бүгін және ертең – 16, 17 желтоқсан күндері қоғамдық көлікте тегін жүреді.

«Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай 16 және 17 желтоқсан күндері жолаушылар қала аумағында барлық бағытта қатынайтын қоғамдық көлікте тегін жүреді. Атырау қалалық әкімдігі мен жолаушы тасымалдайтын кәсіпорындар басшылары осындай ортақ шешімге келді. Жолаушы тасымалдау үшін әдеттегідей 220 автобус маршрутқа шығарылды. Екі күн бойы тегін жүру мүмкіндігін жас шамасына қарамастан барлық жолаушы пайдалана алады», -деп мәлім етті әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Қалалық әкімдік жолаушыларды қоғамдық көлікте маска режимін сақтауға шақырып отыр.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын атыраулықтар Тәуелсіздік күніне орай қоғамдық көлікте тегін жүретінін хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар