Атыраулықтар құрбан шалу үшін 51 қой, 40 тоқты және 6 ешкіге тапсырыс берген

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысының тұрғындары құрбан шалу үшін 51 қой, 40 тоқты, 6 ешкіге тапсырыс берген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының мәліметінше, онлайн құрбандық шалуға тапсырыс 31 шілде, 1 тамыз күндері де қабылданады.

Осы кезге дейін qurban2020.kz сайты арқылы 97 онлайн тапсырыс түскен.

«Атыраулықтар 51 қойға, 6 ешкі мен 40 тоқтыға онлайн тапсырыс беріп отыр. Ал, құрбандыққа шалынған малдың етін алуға 380 мұқтаж​ отбасынан өтініш түсті», - деді Алтынбек Ұтысханұлы.

Оның айтуынша, «Иманғали» мешіті жанынан 12 бригада құрылған. Бұл бригадалар онлайн берілген тапсырысқа сәйкес құрбан малын сояды.


Соңғы жаңалықтар