Атыраулықтар ҚР Мемлекеттік күзет қызметі Президенттік оркестрінің концертін тамашалады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Мерекелік шараға 1000-ға жуық көрермен жиналды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Кеше Атырау xалқы алғаш рет ҚР Мемлекеттік күзет қызметі Президенттік оркестрінің музыкалық бағдарламасына куә болды. Шара Республикалық конкурстар лауреаттарының орындауында 16 әннен тұратын музыкалық бағдарламаны ұсынды. Аталмыш бағдарлама «Кең далам», «Менің жерім, менің елім», «Елбасы», «Ұлы дала» т.с.с әндерден тұрады.

nullШара соңында сөз алған обылыс әкімі Нұрлан Ноғаев Астанадан келген барша делегацияға облыс атынан алғысын білдірді.

null«Мен өз тарапымнан ҚР Президентінің кеңсе басшысы Махмұд Базарқұлұлына, кітапхана ұжымына, Президент оркестрінің басшылығына, ұжымына елге қош келдіңіз дей отырып, арқалап келген ыстық ықыластарыңызды атыраулықтар жылы қабылдады деп сенім білдіремін. Президент оркестрінің тамаша музыкалық кешін тамашаладық. Атыраулықтардың атынан үлкен ризашылығымды білдіремін. Президент оркестрі өзге мемлекет, әлемдік державалар басшылары келгенде өз өнерлерін көрсетеді. Елбасы нұсқауымен оркестрдің біздің жерімізге келіп өнер көрсетуі үлкен абырой. Баршаңызды осы күнге арнайы дайындалған көрмені тамашалауға шақырамын. Көрмеде бұрын-соңды болмаған ақпараттармен танысып, Елбасының елге, жерге деген ниетінен туындаған игі істері туралы мағлұмат ала аласыздар»,-деді өңір басшысы.

Айта кетейік, кеше 18 қыркүйек күні Атырауда «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» Елбасының көшпелі қор көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Көрмені Ш.Сариев атындағы облыстық мұражайда 2 ай көлемінде тегін тамашалауға болады.

  null 

Соңғы жаңалықтар