Атыраулықтар ежелгі Отырардың археологиялық бұйымдарын тамашалай алады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау қаласының қонақтары мен тұрғындарына тарихи танымға толы «Киелі Отырардың мәдени мұралары» тақырыбында жылжымалы көрме бір айы бойы жұмыс жасайды. Көрменің ашылу салтанаты бүгін облыстық тарихи-өлкетану музейінде өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл шара Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы және Астананың 20 жылдығына орай, Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде Оңтүстік Қазақстан облысындағы Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің ұйымдастыруымен қойнауы тарихқа толы, Қазақ өркениетінің алтын діңгегі, Отырар тарихын көпшілікке насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отыр»,  - дейді музей басшысының орынбасары Сая Ғазизова.

Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі Қазақстан аумағында құрылған алғашқы археологиялық қорық-музейінің бірі. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрілігінің 2015 жылғы бұйрығымен республикалық археологиялық-қорық музейі болып бекітілді.  

null 

Сондай-ақ, аталмыш көрмеде музей қоры жинағындағы Х-ХVІІІ ғасырларға тән археологиялық  тұрмыстық бұйымдар, нумизматикалық және зергерлік заттар, қару-жарақ түрлері, сонымен қатар ХІ ғасырдың аяғы мен ХІІ ғасырдың басында өмір сүрген діндар,  ислам дінінің уағыздаушысы, түркі сопыларының бабасы, әйгілі  Қожа Ахмет Ясауидің ұстазы, һәм тәлімгері Арыстанбаб әулие және оның кесенесі туралы тарихи деректемелер көпшілік назарына ұсынылған.

Отырар мемлекеттік археологиялық-қорық музейінің  бас қор сақтаушысы Ералы Төлендіұлының айтуынша, бірнеше жүздеген жылдар бойы өз атауын сақтап келген Отырардың  көпжылдық тарихы бар екендігі 1971 жылы (ОҚКАЭ) Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясының зерттеуі барысында анықталды.

Атырау қаласының қонақтары мен тұрғындары тарихи танымға толы көрмені 2018 жылдың 25 шілдесіне дейін тамашалай алады. 

null 

Соңғы жаңалықтар