Атыраулықтар ең көп оқитын әдеби кітаптар анықталды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда майдангер жазушы Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» кітабы көп оқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Ғалия Баяшеваның айтуынша, мұндағы қорда 350 288 кітап бар. Кітапханаға 17 300 оқырман тіркелген. Былтырғы 18 наурыздан бері қашықтан жұмыс істейтін кітапханада 211 онлайн шара өтіп, оның әлеуметтік желідегі қаралымы 125 408-ге жеткен.
«Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында қазақ жазушыларының кітаптары көбірек оқылады. Әсіресе, қазақ жазушылары Ә.Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар», М.Әуезовтің «Абай жолы» және І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы көп оқылым жинады. Сондай-ақ, оқырмандар мотивациялық кітаптарды жиі сұрайды. Қазір мұндай тақырыптағы кітаптар қорға біртіндеп жинақталуда»,- дейді Ғалия Баяшева.
- Тағы екі өңір мектептерінде оқулар тоқтатылды
- Астанада бірқатар қаламаңы автобусының қозғалысы тоқтатылды
- Елордада аяз: Бірінші ауысымдағы оқушылар онлайн оқиды
- Атырауда ауа райына байланысты оқушылар мектепке бармайды
-
Түркістаннан Ыстанбұлға халықаралық әуе рейсі ашылады
-
Ақмола облысында карантин талаптарын бұзғандарға 26,7 миллион теңге айыппұл салынды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам