Атыраулықтар елорда атауының Нұр-Сұлтан болып өзгеруін құптайды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Еліміздің Тұңғыш Президенті өткен жылы қыркүйек айында Атырау қаласына келген жұмыс сапарында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетіне тиесілі 400 орындық Студентер үйін ашқан болатын. Бүгін осы зәулім ғимаратта аталмыш оқу орнының оқытушы-профессорлары, ұстаздары, студенттері мен магистранттары жиналып бас қаламыздың атауы өзгеруіне орай өз ой-пікірлерін ортаға салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кездесуде университеттің ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры Саламат Идрисов, филология ғылымдарының докторы, профессор, ақын Қадыр Жүсіп, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Шахман Нағымов, тарих ғылымдарының докторы, профессор Жанна Қыдыралина сөз алып, Сарыарқа төрінде бой көтерген әсем де айбынды Астана қаласының өмірге келу тарихы және осы істің жүзеге асуына негізгі мұрындық болған Елбасының ерен еңбектері туралы айта келіп, елордамыздың атауы Нұр-Сұлтан болып өзгертілуін құптайтындықтарын жеткізді.

Жанат Әбдіқаймова, Нұрила Кеңес, Ертас Рүстембаев сынды университет студенттері бас қаламыздың атауының өзгеруін тарихи әділеттілік деп атады.

Соңғы жаңалықтар