Атыраулықтар #Birge#Taza Qazaqstan науқанына қолдау білдірді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Жайық өзенінің жағалауы қоқыстан тазарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«27 шілдеде Атырауда Жайық өзенінің жағалауын қоқыстан тазарту науқаны өтеді. Оған барлық адамдар қатыса алады. Әкімдік қоқысты тазартатын қаптар, оны тасымалдайтын техника береді. Жайық өзенінің жағасын тазарту #Birge#Taza Qazaqstan экологиялық акцияларын жариялаған Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтің бастамасын қолдау аясында өтеді», - деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

А. Соколов

Соңғы жаңалықтар