Атыраулықтар бір жылда үш мың литр қан тапсырды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - 2019 жылы Атырау облысының тұрғындары үш мың литр қан тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Былтыр денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының аясында Қан орталығында «Инфо-донор» жобасы іске асырылды. Бағдарлама донорлардың бағдарын олардың куәлігіне қарай автоматты түрде анықтап, реттеп отырады, яғни тіркеу бөлімінен алдын ала сараптама зертханасына, сосын терапевтің қабылдауынан қан тапсыру бөлмесіне жібереді.

Донор барлық бөлімдерге тіркелген соң ол жайлы ақпарат электронды форматта дерекқорға келіп түседі. Бұдан тыс, қай жерде тұруына қарамастан, бағдарламаға тіркелген кез келген адам донор бола алады», - дейді облыстық Қан орталығы басшысының орынбасары Жаңылсын Шындауова.

Оның айтуынша, атыраулықтар бір жылда 3 мың литрден астам қан тапсырған, соның арқасында қан тапшылығы байқалған жоқ.

Соңғы жаңалықтар