+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Атыраулықтар әлем чемпионын күтіп алды

2019 жылғы 1 қараша 20:21
Бөлісіңіз:
Атыраулықтар әлем чемпионын күтіп алды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау әуежайында кезекті рет әуелеген ән ойналып, халықтың ықыласына бөленген салтанатты күтіп алу рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ҚХЛ: Алдағы маусымға қатысатын командалар тізімі белгілі болды Рим Олимпиадасының чемпионы өмірден озды Футбол: Чемпиондар лигасы қайта жалғасады

25-27 қазан күндері Чили елінің Сантьяго қаласында каратеден жастар арасындағы XI Әлем чемпионатында Әбілмансұр Батырғали алтыннан алқа тақты.

«Бұл Атырау спортындағы тарихи оқиға. Атыраулық спортшылардың Олимпиадалық спорт түрлері бойынша жастар арасындағы әлем чемпионатында еншілеген алғашқы алтын медалі. 96 мемлекеттен 1500-ден астам спортшы қатысқан додада спортшымыз үздік атанып, ел абыройын асқақтатты», - дейді облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының бөлім басшысы Нұржауған Төлеуова.

Атыраулық спортшы, жасөспірімдер Олимпиадасы ойындарының жүлдегері, Азия чемпионы Әбілмансұр Батырғали 67 келі салмақта сынға түсіп, барлық алты қарсыласынан басым түсті. Бұл салмақта 60 ел өкілдері өзара мықтыны анықтады. Әуежайдан шыққан бойда Әбілмансұрдың оқу орны, Х.Досмұхамедов атындағы университетте баспасөз маслихаты өтті. Онда Әбілмансұр жарыстан алған әсерімен бөлісті. «Бұл үлкен жеңістердің бастамасы ғана. Алдағы уақытта ересектер арасында әлем және Олимпиада шыңын бағындыру үшін еңбектенетін боламын. Ерінбей, үнемі дайындықта болған спортшы үшін алынбас қамал жоқ», - дейді Әбілмансұр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Абай Абылайұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT