Атыраулықтар Әлем чемпионын әуежайдан күтіп алды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Бүгін бір топ спорт жанкүйерлері паратаэквондодан әлем чемпионы атанған Нұрлан Домбаевты әуежайдан салтанатты түрде күтіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұрлан 2017 жылы Ұлыбританияда және биыл, 2019 жылы Түркия елінде әлем чемпионатының жеңімпазы атанып, Атыраудан шыққан тұңғыш 2 дүркін әлем чемпионы болып отыр. null

«Осы жеңіс үшін көп тер төктік. Енді тоқтап қалмай Паралимпиада ойындарында алтын жүлде еншілеуді мақсат қойып отырмын», - дейді Нұрлан.

Айта кету керек, араға бір апта салып Нұрлан Мысырда өтетін Африка құрлығының турнирінде бақ сынайды.

Нұрлан қазіргі таңда қаладағы 1-ші Олимпиадалық резервтің мамандандырылған спорт мектебіне жаттығады.

null null null null

Соңғы жаңалықтар