Атыраулықтар 40-қа жуық қару мен 100-ден астам оқ-дәрі тапсырды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысының тұрғындары 40-қа жуық қару мен 100-ден астам оқ-дәрі тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шілдеден бері өңір тұрғындары өз еркімен жергілікті полиция бөлімдеріне 40-қа жуық атыс қаруының түрлерін, 100-ден астам оқ-дәрі тапсырған. Ерікті түрде қару мен оқ-дәрі тапсырғандарға сыйақы ретінде республикалық қазынадан 1 млн 700 мың теңге төленетіні көзделіп отыр.

«Акцияның мақсаты – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, атыс қаруларымен жасалатын қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың алдын алу. Акция кезінде ерікті түрде заңсыз сақталған қару-жарақ пен оқ-дәрілерді тапсырғандар қылмыстық, әкімшілік жауапкершіліктен босатылады. Азаматтарға сыйақы ҚР Ішкі істер министрінің «Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды азаматтардың ерікті түрде өтемді тапсыру қағидаларына бекіту туралы» бұйрығының талаптарына сәйкес төленеді»,- деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда қару тасымалдаған жүргізуші ұсталған болатын.



Соңғы жаңалықтар