Атыраулықтар 19 млн теңгенің пойыз билетін тапсырды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атыраулықтар жалпы сомасы 19 миллион 254 мың 672 мың теңгені құраған пойыз билетін кері тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Атырау темір жол вокзалының бастығы Айбек Қуанышев мәлім етті.

«Жолаушылар бірнеше бағытқа пойыз билетін алған. Алайда, коронавирус дертінің өршу қаупіне байланысты билеттерін кері тапсырып жатыр. Бүгінгі мәлімет бойынша 2658 билет тапсырылды. Оның құны 19 миллион 254 мың 672 теңгені құрады. Осы сомадан 1 миллион 679 мың 348 теңгенің билеті онлайн-режимде сатып алынған. Билет құны қайтарылып жатыр» -деді Айбек Қуанышев.

Оның айтуынша, бастапқыда билет ақшасын қайтаруда қолма-қол ақшаның аздығынан қиындық туындаған. Ал, қазір бұл мәселе реттелді.



Соңғы жаңалықтар