Атыраулықтан ірі көлемде қара уылдырық тәркіленді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда ер адамнан ірі көлемде қара уылдырық тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Облыстық ІІД Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері жергілікті тұрғынды ұстады. Оны тексеру кезінде 14 дана бір жарым литрлік пластик құтыға салынған қара уылдырық тәркіленді. Ұсталушының үйінен осындай тағы екі ыдыс табылды. Жалпы 8 келі уылдырық тәркіленді. Бұл оқиға ҚР ҚК-нің 296-бабы бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тізілімге тіреуге алынды», - деп хабарлады өңірлік ІІД баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, Қазақстанда бекіре тұқымды балық жойылып кетуге шақ қалғандықтан оны аулауға тыйым салынған. 

Соңғы жаңалықтар