+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

Атыраулықтан 3 мыңнан астам синтетикалық есірткі дозасы тәркіленді

2021 жылғы 31 наурыз 10:32
Бөлісіңіз:
Атыраулықтан 3 мыңнан астам синтетикалық есірткі дозасы тәркіленді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда 24 жастағы жігіттен 3 мыңнан астам доза синтетикалық есірткі тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда жол жиегіндегі қоршау мал жүрмес үшін токқа қосылды Атырауда мүмкіндігі шектеулі баланы ұрған қызметкер жұмыстан қуылды

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 29 наурызда Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Атырау қаласындағы Гайдар көшесінде 24 жастағы жігітті ұстаған.

«Оның пәтерін тінту кезінде жалпы салмағы 1 келі синтетикалық есірткі заты тәркіленді. Ұсталған күдіктінің үстінен Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігімен (аса ірі мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) қылмыстық іс қозғалды», - деді облыстық полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын атыраулық 60 доза есірткіні қаланың үш жеріне жасырып қойғанын жазған едік.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT