Атыраулық жүргізуші шанадағы бойжеткенді көлігіне тіркеп сүйреген

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда шанадағы бойжеткенді көлігіне тіркеп сүйреген жүргізуші жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау қалалық полиция басқармасы Жедел басқару орталығының қызметкерлері бүгін сағат 01:07 шамасында орталық көпір тұсында шана сүйреген көлікті байқаған. Оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлері жіберілді.

«Патрульдік полиция тексеруі кезінде 22 жастағы азаматша отырған шананы тіркеп, сүйреп жүрген «Hyundai Tucson» маркалы көлікті тоқтатқан. Көлікті басқарған 20 жастағы жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 595-бабы 1-бөлімімен (жол жүрісі қағидасын бұзғаны) әкімшілік хаттама толтырлып, 13 890 теңге көлемінде айыппұл салынды», - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда мас күйде көлік жүргізген шетелдік 15 тәулікке қамалған еді.



Соңғы жаңалықтар