USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Атыраулық жүргізуші 116 рет жылдамдықты арттырып, 1 млн теңге айыппұл алған

2020 жылғы 20 мамыр 04:01
Бөлісіңіз:
Атыраулық жүргізуші 116 рет жылдамдықты арттырып, 1 млн теңге айыппұл алған

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда наурыздан бері 1 117886 теңге айыппұлды төлемеген «Opel Astra» көлігінің жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада «пысық» жасөспірім өзгенің көлігін сатып жіберген Қазақстандағы барлық автоХҚО жұмысын қайта бастады Ақмола облысындағы автомобиль жолдарының сапасы қалай тексерілуде

Полиция қызметкерлері Атырау қаласында «Intercoptor» автоматтандырылған бақылау жүйесінің көмегімен аса ірі мөлшерде айыппұл төлемеген екі автокөліктің жүргізушісін ұстады. Бір көлік – Арменияда, екіншісі Ресей Федерациясында есепке қойылғандықтан, Атыраудағы иелері деректер базасына тіркелмеген.

«Полицейлер «Кордон» фоторадар кешенінің көмегімен 18 мамырда бұл көліктерді қала көшелерінде тоқтатты. Оның бірі – «Opel Astra» көлігінің жүргізушісіне айыппұл жылдамдықты 116 рет арттырғаны үшін 1 117 886 теңге , екіншісіне «Daewoo Nexia» көлігімен қозғалыс ережесін 20 рет бұзғаны үшін 173 625 теңге айыппұл салынған. Айыппұлдар толық төленгенше, көліктер айып тұрағына қойылды», - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Атырауда 18 мамыр күні жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұл тұрағына қазақстандық, шетелдік есепке алынған 15 автокөлік қойылған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT