Атыраулық жүкті әйел үйде босанды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атыраулық 32 жастағы жүкті әйел дәрігерлердің көмегінсіз үйінде босанып қалған. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.

18 наурызда 1987 жылы туған Атырау қаласының тұрғыны толғағы басталған кезде, перзентханаға барудан бас тартқан. Толғақ кезінде жүкті әйелдің қасында жолдасы мен енесі болған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының акушерлік және босану бөлімінің меңгерушісі Ұлжан Мұхтарованың айтуынша, жүкті әйелдердің көбі заман ағымына қарай үйде босануды қолдайды. Қазір Еуропа мен Ресейде үйде босану жағдайларын таңдайтындар көбейген. Алайда, оқиға дәрігердің жіті бақылауында болады.

Айта кетейік, облыста үйден босану жағдайлары бойынша 2017 жылы - 52, былтыр - 36, биыл жыл басынан бері 7 жағдай тіркелді. Абырой болғанда, ешқайсымен қайғылы жағдай тіркелмеген.

Соңғы жаңалықтар