+7 (701) 759 90 19
USD 425.71 EUR 495.53
RUB 5.99 CNY 66.56
Jańalyqtar

Атыраулық жігіт 60 доза есірткіні қаланың үш бөлігіне жасырып қойған

2021 жылғы 4 наурыз 07:26
Бөлісіңіз:
Атыраулық жігіт 60 доза есірткіні қаланың үш бөлігіне жасырып қойған

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда 27 жастағы жігіт өзі жасырған есірткіні тауып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
«MadMEN» музыкалық тобы мүшелеріне қатысты сот аяқталуға жақын Жамбылда ер адам 160 келіден астам есірткімен ұсталды Алматы облысында ірі көлемде есірткі сақтаған азамат ұсталды

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы жедел іздестіру кезінде Атырау қаласының әр бөлігіне есірткі жасырды деген күдікпен 27 жастағы жас жігітті ұстаған.

«Атырау қаласы тұрғынының уақытша мекенжайын тінту кезінде ұнтақ тәрізді зат, есірткі дозаларын өлшейтін түрлі құралдар табылып, тәркіленді. Тергеуден соң күдікті қала аумағының 3 нүктесінде өзі жасырған 60 дозаны құрайтын есірткіні көрсетті. Сараптама қорытындысымен есірткі-пировалерон екені анықталды» -дейді есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Марат Тағаниязов.

Қазір ұсталған күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 297-бабы, 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау тұрғынынан 5 келіден астам есірткі тәркіленген болатын.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT