+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 385.96 EUR 423.78
RUB 6.03 CNY 54.16
Jańalyqtar

Атыраулық «Жасыл ел» сарбаздары облыс аумағын 180 текше метр қоқыстан тазартты

2019 жылғы 23 тамыз 05:38
Бөлісіңіз:
Атыраулық «Жасыл ел» сарбаздары облыс аумағын 180 текше метр қоқыстан тазартты

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - 1 маусымнан бастап бүгінгі күнге дейін «Жасыл ел» жасағы 25-тен астам экологиялық акция ұйымдастырып, облыс аумағынан 180 текше метр қоқыс шығарған, сондай-ақ 9 000-нан астам ағаштарды суарып ретке келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанның екі қаласында ауа сапасы нашарлайды СҚО-да қызыл құртты заңсыз аулаған адам ұсталды Жамбылдықтар 12 тонна қоқыс шығарды

Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың маусым-шілде айларында 2 000-нан астам сарбаз қала мен облыс аудандарының аумағындағы 1467 гектар жерді тазалады. Бұдан бөлек, күзгі маусымда «Жасыл ел» сарбаздары мұнайлы өлкені көгалдандыру бойынша кең ауқымды жұмыстарды жоспарлап отыр.
«Жасыл ел» жасағы 1 маусымнан 31 қазанға дейін жұмыс жасайды. Қазіргі уақытта жастар елді мекендерді абаттандыру, жасыл желектерді күту, суару бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Барлығы 2 200 сарбаз бар, олардың 199-і күзгі маусымда жұмыс жасайтын болады. Жастар көшеттерді отырғызу бойынша еңбек етеді«, - дейді «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының басшысы Абылай Құрметұлы.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Атырау облысы, Экология,
Бөлісіңіз:

Автор:

Абай Абылайұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT