Атыраулық жас бишілер халықаралық конкурстың бас жүлдесін иеленді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атыраулық жас бишілер халықаралық конкурстың бас жүлдесіниеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырауда оқушыларды өнердің сан саласына баулитын Н.Тілендиев атындағы кіші өнер

академиясы бар. Мұнда 25 жыл бұрын «Айжан қыз» би ансамблі құрылған.

«Бұл ансамбльге хореограф Айжан Артығалиева жетекшілік етеді. Ал, хореограф Сәуле

Жаскеленова би түрлерін үйретеді. Ансамбль ұжымы 31 қазан мен 6 қараша аралығында

Түркияның Анталия қаласында өткен халықаралық «Dance Format» конкурсына қатысты.

Жас бишілеріміз аталған конкурста екі аталымда бас жүлдені жеңіп алды», -дейді академия директоры Долорес Тасқарина.

Оның айтуынша, ансамбль мүшелері конкурс кезінде Түркия мен Ресейдің танымал

бишілерінің шеберлік сабақтарынан дәріс алған. Анталиядағы би мектептерінде тақырыптық тәжірибе алмасуға, би баттлына қатысқан.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын атыраулық 8 жасар қыз әлемнің супермоделі атанғанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар