Атыраулық зейнеткерлерге ерекше сый жасалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырау облысы, Мақат ауданының 16 зейнеткеріне Астананың 20 жылдығына орай елорданы тамашалауға тегін жолдама берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырау облысы, Мақат аудандық әкімдігі Елорданың 20 жылдығы мерейтойына орай ауданның дамуына әр салада қызмет атқарып еңбек сіңірген зейнеткерлерге Астанаға 5 күндік тегін жолдама берді.  Зейнеткерлердің жандарында ұйымдастырушы, медбике және 2 ерікті бар.

«Аудан әкімдігінің қолдауымен өңірімізге еңбегі сіңген ардагерлерге осындай ерекше сый жасалды. Бұл кісілердің арасында кезінде ауыл әкімі, депутат болған одан басқа білім, темір жол салаларында 40 жылдан астам еңбек еткен құрметті азаматтар бар. Және көбісі Астанаға бірінші рет келуде, олар үшін бәрі қызық», -деді ұйымдастырушы, Мақат аудандық жастар ресурсы орталығының жетекшісі Әсел Қаржауова. 

Ардагерлер Астананың тарихи-мәдени және көрікті жерлерімен танысып аралап шықты.

«Астананың көз тоймас көрікті жерлерін аралап, танысып жатырмыз. Күні кеше ғана тұңғыш Президент музейіне барып, Елбасымыздың алғаш жұмыс істеген орнын өз көзімізбен көрдік. Бұл біз үшін ол үлкен қуаныш. Одан бөлек мәдени басқада орталықтарға бардық. Ел ордасы - Астанамыз жыл санап гүлдей жайнап, көркейе берсін»,- деді зейнеткер, Мақат аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сəбит Хəленов.

nullnullnull

Соңғы жаңалықтар