Атыраулық зейнеткер түрмеге 100-ден астам кітап сыйлады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда зейнеткер әйелдер колониясының кітапханасына 100-ден астам кітапты сыйға тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атыраудағы УГ-157/11 мекемесінің кітапханасы 6 мыңнан астам кітаппен қамтылған. Оның ішінде қазақ тіліндегі әдеби шығармалардан бөлек, әлем классиктерінің де кітаптары бар.

Бұл түрмеде жазасын өтеп жатқан 150-ден астам әйелдің кейбірі айына 5 кітап оқиды. Енді оларға жергілікті зейнеткер Мәлік Көптілеуов 100-ден астам кітапты сыйға тартты.

«Бұдан бұрын жергілікті газеттер арқылы Атырау тұрғындарынан мекемеге қайтарымсыз кітаптар қабылдайтынымызды хабарлаған едік. Осы хабарландыруды естіген Атырау қаласының тұрғыны, мұнай саласында еңбек еткен зейнеткер Мәлік Көптілеуов жазасын өтеуші әйелдер үшін қазақ және орыс тіліндегі 100-ден астам кітапты қайтарымсыз сыйлады», - дейді мекеме бастығының орынбасары Медет Аджикулов.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда түрмеде отырғандар үшін онлайн-дүкен ашылған еді.


Соңғы жаңалықтар