Атыраулық зейнеткер 31 жылдан кейін Қазақстан азаматы атанды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атыраулық зейнеткер 31 жылдан кейін Қазақстан Республикасының азаматы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Атырауда әлі де жеке басын куәландыратын құжатсыз жүргендер бар. Олардың басым көпшілігі – Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәмелетке толмаған жаста, сондай-ақ, ескі үлгідегі құжатпен келгендер.

«Осыған байланысты бұл санаттағы азаматтар мемлекеттік қызметтен, сондай-ақ, жәрдемақы алу құқығынан айырылған. Қазір құжатсыз жүрген азаматтарды анықтап, оларды ҚР азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның құжаттарымен құжаттандыру мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілуде. Жыл басынан бері 9 тұрғын Қазақстанның құжатын алды», -дейді облыстық полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Оның айтуынша, Атырау қаласында тұратын 63 жастағы зейнеткер 32 жасында 1990 жылғы үлгідегі төлқұжатты алған. Одан кейін ескі төлқұжатты ауыстырмаған. Жақында ол көші-қон қызметкерлерінің көмегімен Қазақстан Республикасының азаматы екенін куәландыратын жеке куәлікке ие болған.


Соңғы жаңалықтар