Атыраулық Юрий Атансов қазақ халқына домбырамен ән арнады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Алғыс айту күніне орай, атыраулық Юрий және Олег Атанасовтар қазақ халқына домбырамен арнау айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әннің бейнежазбасы facebook желісінде жарияланды.

«Ассалаумағалейкум, қазақ елі! Біз Олег мен Юрий Атанасов челленджді (Алғыс айту – ред.) қабыл алдық. Қазақ еліне шексіз алғысымды айтамын! Қазақ халқы мен орыс халқы дос болсын! Қабыл алыңыздар!», - дейді Ю. Атанасов.


Атасы мен немересі домбырамен «Еркем-ай» әнінің мақамымен арнау айтты.

Айта кетейік, жыл сайын 1 наурыз күні елімізде жалпыхалықтық мереке - Алғыс айту күні аталып өтеді. Бұл күні ашаршылық пен қуғын-сүргін құрбандарына пана болған қазақ халқына өзге ұлт өкілдері алғыс айтады.
Соңғы жаңалықтар