+7 (701) 759 90 19
USD 376.77 EUR 408.46
RUB 5.95 CNY 53.98
Jańalyqtar

Атыраулық волонтерлер үздіктер қатарынан көрінді

2019 жылғы 5 желтоқсан 17:44
Бөлісіңіз:
Атыраулық волонтерлер үздіктер қатарынан көрінді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат- Ұлттық волонтерлер желісі ұйымдастырған «Қазақстанның үздік еріктісі - 2019» сыйлығында атыраулық волонтерлер жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Волонтер: Қайырымдылықпен айналыса бастағанда не үшін тірі қалғанымды түсіндім Қызылордада волонтерлер төтенше жағдайдың алдын алу шараларына қатысты Жамбылдық волонтерлер жалғызбасты ананың қызын қырқынан шығарып, салтын өткізіп берді

Ұйымдастырушылардың сөзіне сенсек, аталған сыйлыққа еріктілердің өзінен де, олардың жұмысын реттейтін ұйымдардан да - барлығы 200-ден астам өтініш түскен.

Үздіктердің үздігі он аталым бойынша таңдалды. Осылайша, «Медицинадағы еріктілік» аталымындағы үш жеңімпаздың қатарында атыраулық Арман Қасымов та бар.

Арман Қасымов он жылдан астам уақыт Атырау жедел жәрдем бекетінде ерікті болып қызмет көрсетеді. Қолында шетелдік жоғары оқу орнының дипломы болғанына қарамастан, қатардағы ерікті-санитар болып бастады. Жедел жәрдем көліктерін жуды, дәрі-дәрмек қобдишаларын толтырды, зембілдерді көтерісіп, тіпті, кезекті бір жедел шақырту кезінде жүкті әйелді босандырып та алды.

Арман осы уақыт аралығында көптеген атыраулықтардың ерікті болуға деген құлшынысын оятты. Елімізде тұңғыш рет мектеп оқушыларынан құралған алғашқы көмек көрсету еріктілер тобының құрылуына атсалысты.

Ал, «Корпоративті еріктілік» аталымында «Ынтымақ» қоғамдастықты дамыту бағдарламасының жетекшісі Майя Шаменова үздіктер қатарынан көрінді.

«Ынтымақ» - 2012 жылдан бері «Теңізшевройлдың» қолдауымен жұмыс істеп келе жатқан ұйым. Ұйым мүшелері еріктіліктің бірнеше бағыты бойынша жұмыс істеп жүр. Оның ішінде қайырымдылық іс-шаралары, білім беру, әлеуметтік және экологиялық жобалар бар. Ағаш отырғызады, жоқ-жітікке көмек қолын созады, тіпті, қоқыс та жинайды. Ал, осыдан бірнеше жыл бұрын топ еріктілері қайраңға шығып қалған он мыңдай балық шабағын құтқарған болатын.

Айта кетелік, жеңімпаздар 11 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласында өтетін «Еріктілер форумы - 2019» іс-шарасында ресми марапатталады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Абай Абылайұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT