Атыраулық тұрғын жатын бөлмесін жылыжайға айналдырып, есірткі өсірген

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау қаласында 50 жастағы азамат үйінің ішіне жылыжай жасап, құрамында есірткісі бар өсімдік өсіріп келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде үйінде есірткі өсірген азаматты анықтаған.

«Атырау қаласының 1970 жылғы тұрғыны үйіндегі жатын бөлмесінде желдеткіші, температурасы мен жарығы бар шағын жылыжай жабдықтап, құрамында есірткі бар өсімдік өсірумен айналысқан. Оның үйін тексеру кезінде төрт ыдысқа отырғызылып, өсіп тұрған өсімдіктер табылды. 50 жастағы азаматтың айтуынша, есірткі өсімдіктерін сату үшін емес, өзі қолдану мақсатында өсірген. Азаматтан алынған қан анализі сараптамадан өткізілді. Нарколог-дәрігердің қорытындысымен оның қанының құрамында есірткі бары анықталды», - деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Қазір аталған азаматқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабымен (Құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар