Атыраулық тұрғын сүйіктісіне арнап отшашу ұйымдастырамын деп басы бәлеге қалды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау қаласының «Ретро» паркінде жас жігіт сүйіктісіне өмірлік жары болуы үшін сөз салу барысында пиротехникалық құрылғыларды пайдаланып отшашуларды атқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қызулы романтикалық қуанышты байқаған полиция қызметкерлері жас жігітке қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырған. Сотта 21 жасар жігіт өзінің кінәсін мойындап, қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін кешірім сұрады», деп хабарлады Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметінен.

Айта кетелік, сот қаулысымен құқық бұзушы кінәлі деп танылып, оған 33 670 теңге көлемінде айыппұл салынды. 

Соңғы жаңалықтар