+7 (701) 759 90 19
USD 448.01 EUR 495.86
RUB 5.64 CNY 63.19
Jańalyqtar

Атыраулық студенттердің елге оралуына шетелдік кәсіпорын демеушілік жасады

2020 жылғы 26 наурыз 16:06
Бөлісіңіз:
Атыраулық студенттердің елге оралуына шетелдік кәсіпорын демеушілік жасады

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атыраулық студенттердің елге оралуына шетелдік кәсіпорын демеушілік жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
1 сәуірде Қазақстан мектептері оқушыларға сынама сабақ өткізеді Асхат Аймағамбетов компьютері жоқ балалардың проблемасын қалай шешпек Шалғайдағы ауыл мектептері дәстүрлі форматта білім бере алады - Асхат Аймағамбетов

Кеше, 25 наурызда Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің тапсырмасымен Варшавадан Қарағанды арқылы 33 студент Атырауға оралды. Оларды халықаралық әуежайда туған-туыстары күтіп алды. Бүгін, тағы 25 студент Атырау халықаралық әуежайына ұшып келеді.

Олар Варшавадан Қарағандыға оралған сәтте коронавирус инфекциясына жедел тест тапсырған. Сол қалада екі күн карантинде болған. Тест нәтижесі олардың індетке шалдықпағанын көрсетті.


«Басым көпшілігі – шетелде оқитын студенттер. Олардың біразы батыс өңірлерінен, яғни, Атыраудан - 27, Батыс Қазақстаннан - 19, Ақтөбеден - 7, Маңғыстау облысынан 6 студент бар. Бәрі де – инфекциядан аман. Студенттерді Атырауға жеткізу үшін облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің тапсырмасымен «Теңізшевройл» ЖШС-нің басшыларымен жиын өткізіп, аталған компанияның әуе кемесін пайдалану жөнінде шешім қабылдадық» - деді Атырау облысы әкімінің орынбасары Ержан Әбілханов.

Оның айтуынша, енді ТШО-ның тағы бір рейсі кеше Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының студенттерін Орал қаласына жеткізеді.


«Теңізшевройл» ЖШС бас директоры Имер Боннер біздің бастамамызды қолдады. Үстемеақы төлеу жөнінде ешқандай мәселе туындаған жоқ. Екі рейстің шығыны компания есебінен төленді. Барлық студент тегін ұшып келді»- деді Ержан Әбілханов.

Атырауға оралған студенттердің бірінің анасы Татьяна Мохначеваның қуанышында шек жоқ. Ол Польшадағы лицейде оқитын ұлын құшақтап, «Аман-есен оралуыңмен, құлыным!» деп көз жасын жасыра алмады.

«Біз балаларымыздың аман-есен келгеніне өте қуаныштымыз. Олардың жағдайы жақсы. Көрсеткен көмектері үшін облыс әкімдігі мен ТШО компаниясына алғысымыз шексіз» - деді Татьяна Мохначева.

Барлық студент Атырау халықаралық әуежайында да жедел тест тапсырды. Дене қызуы өлшеніп, сауалнама толтырды. Олар енді 14 күн үй карантинінде болып, дәрігерлердің қадағалуына алынбақ. Бұл – еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі қойған талап.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Атырау облысы, Білім, Қоғам,
Бөлісіңіз:

Автор:

Жолдасбек Көшербайұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT