Атыраулық спортшы Паразиада ойындарының қола жүлдегері атанды

None
None
 АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Индонезияның Жакарта қаласында Паразиада ойындарының алғашқы жарыс күні өтті. Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі, Атыраулық спортшы Дмитрий Ли 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дмитрий Иран және Малайзия мемлекеттерінің спортшыларынан кейін 1:07,77 уақыт көрсеткішімен үшінші орынға ие болды.

 «Бұл көрсеткішіме өте қуаныштымын. Жүлде тұғырында тұрғандағы сезімімді сөзбен жеткізе алмаймын. Мұны тек сол жерде болған адам ғана сезіне алады. Маған қолдау білдіріп сенім артқан барша отандастарыма алғысымды айтамын», - дейді Дмитрий Ли.

Атыраулық спортшылар ойындар алдында Қырғызстан елінде және Тараз қаласында оқу-жаттығу жиындарын өткізген болатын. Одан бұрын Германияда өткен Әлем кубогында жүлделі орындардан көрінді.

Айта кету керек, Азия ойындары 13 қазанға дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар