Атыраулық спортшы кикбоксингтен әлем кубогының жеңімпазы атанды

Фото:
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атыраулық спортшы кикбоксингтен әлем кубогының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Түркияның Стамбул қаласында өткен кикбоксингтен жастар мен жасөспірімдер арасындағы әлем кубогына 42 елден 2 807 спортшы қатысты. Додада спортшылар кикбоксингтің бірнеше түрінен бақ сынады. Қазақстан намысын қорғаған құрама сапындағы атыраулық спортшылар 1 алтын, 2 күміс, 2 қола медальді жеңіп алды», - деп мәлім етті Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.

Мәселен, жастар арасында Санжар Мейрамғали қарсыластарының бәрін қапы қалдырып, әлем кубогының жеңімпазы атанған. Ал, Айбек Шамболов пен Асылжан Жеткеншек Асылжан күміс жүлдені иеленді. Сондай-ақ, ересектер арасында Исламсанжар Төлеуғали Гүлбану Саматова қола медальға ие болды.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын атыраулық спортшы панкратионнан әлемнің екі дүркін чемпионы атанғанын жазған болатынбыз. Ташкент қаласында панкратионнан ересектер арасындағы әлем чемпионатында Әділбек Қайырғали екінші рет әлем чемпионы атанды. Ол 2019 жылы Италияда өткен осындай чемпионаттың алтын медальін иеленген. Ал, 2021 жылы Украинада жалауы желбіреген осындай додада қола медальға ие болған.

Сондай-ақ, тағы бір спортшы муайтайдан әлем чемпионатында күміс жүлдегер болғанын жазған едік. Тайландтың Бангкок қаласында өткен әлем чемпионатында атыраулық муайтайшы Әбіл Ғалиев іріктеу кезеңінде Өзбекстан, Израиль, Италия елдерінің спортшыларын ұтқан. Ақтық сында Түркия Республикасының спортшысына есе жіберіп, күміс медаль иеленді.

Фото: Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы


Соңғы жаңалықтар