+7 (701) 759 90 19
USD 405.69 EUR 455.51
RUB 5.72 CNY 57.42
Jańalyqtar

Соғыста қаза тапқан атыраулықтың сүйегі 75 жылдан кейін табылды

2018 жылғы 20 маусым 15:50
Бөлісіңіз:
Соғыста қаза тапқан атыраулықтың сүйегі 75 жылдан кейін табылды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысы Құрманғазы ауданынан майданға аттанып, 21 жасында Великий Новгород түбіндегі шайқаста қаза тапқан Құспанғали Боранбаевтың сүйегі 75 жылдан соң табылды. Ел зиялыларының қатысуымен жауынгердің сүйегі бүгін Атырау қаласына әкелініп, митинг өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кусбан (Құспанғали) Боранбаев 1922 жылы туған. Гурьев облысы, Денгиз ауданы (қазіргі Құрманғазы ауданы) Қызыл ту колхозынан 1941 жылы соғысқа алынып, 28-ші атқыштар дивизиясының құрамында шайқасты.

1942 жылы Новгород облысының Парфинский ауданы маңындағы шайқаста ерлікпен қаза тапқан жерлесіміз Кусбан (Құспанғали) Боранбаевтың сүйегін қанды соғыс майданы өткен орман даласынан Ақтөбе қаласынан қазақстандық Әлия Молдағұлова атындағы және Ярослав облысы Рыбинск қаласының «За Отвагу» іздеу топтары бірлесіп тапты.

Соғыс алаңынан бірнеше жауынгердің сүйектері табылған. Жауынгер сүйегінің табылуына есімі жазылған жауынгерлік капсуланың болуы ықпал етті.

«Атырау облысынан соғысқа 42 мыңнан астам адам шақырылған болатын. Мыңдаған боздақтар ұрыс майданында мәңгі қалды. Құспанғали ағамыз қысқа ғана өмірінде 21 жыл өмір сүрді. Құспанғали ағайға туған топырағы бұйырды. Ақтөбе қаласынан Әлия Молдағұлова атындағы Ярославль облысы Рыбинск қаласының «За Отвагу» іздеу топтары соғыс өрті жүріп өткен Санкт-Петербург ормандарынан Құспанғали Боранбаевтың сүйегін тапты. Өзіне тиесілі капсуласы мен қасығын көрді. Бүгін осыдан 75 жыл бұрын қыршын кеткен боздақтың рухы өз атамекенімен қайта қауышты. Біз соғыста қаза тапқан боздақтардың рухтары мен ерліктеріне бас иеміз», деді облыс әкімі Нұрлан Ноғаев.
null

Қаза тапқан жауынгердің сүйегі табылған жерден аты-жөні ойылып жазылған ас ішетін қасығы да табылды. Осы жәдігердің арқасында жауынгердің есімі, туған жері анықталып, сүйекті еліне қайтару үшін Атырау облысы басшылығының қолдауымен арнайы делегация ұйымдастырылды.
null

null

Шара аясында жауынгердің туыстары атынан Қайырболат Дүйсекенов пен Злиха Дүйсекеновалар сөз сөйлеп, майдан даласында қаза тапқан ағалары туралы сыр шертті.

Айта кету керек, сарбаз аруағына құрмет көрсету үшін митингке облыс басшылығы, ҰОС және еңбек ардагерлері, жастар мен оқушылар қатысты. Жауынгер Құспанғали Боранбаев Құрманғазы ауданына жерленді.

null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Абай Абылайұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT