Атыраулық шаруа 80 келі тартатын асқабақ өсірді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атыраулық фермер салмағы 80 келі тартатын асқабақ өсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Көктемде танысым америалық асқабақтың дәнін берген еді. Егер жерсініп кетсе, күзде өнімі көңіліңнен шығады деді. Тура айтқанындай болды. Дәннен 3 асқабақ өніп шықты. Мұндайды мен де шаруашылықпен айналысып жүргендердің ешқайсысы да көрмеген. Ең үлкен асқабақьың салмағы 80 келіден асады. Диаметрі - 1 метр. Қалған екеуі одан кішірек. Дегенмен олардың да салмағы азды-кем 60 келі тартады»,-деді «Дастан» шаруа қожалығының жетекшісі Қоныс Ерманов.

Аталмыш шаруа қожалығы көкөністер мен бақша өнімдерін және картоп өсіріп қана қоймай, мал шаруашылығымен де айналысады. Қалада аталмыш шаруашылықтың өнімдерін өткізетін бірнеше орны бар. Әдетте тұтынушылар ферманың ауласынан жаңа әкелінген өнімдерді сатып алу үшін кезекке тұрады.

Соңғы жаңалықтар