Атыраулық полицейлер дәріханаларды тексеруде

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат -Атырау облысында есірткі заттарын заңсыз жарнамалау фактілері анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жоспарлы алдын алу шарасы барысында Ішкі істер департаментінің қызметкерлері медициналық-профилактикалық мекемелер мен дәріханаларды тексерді. Полицейлер 6 жеке кәсіпкерге тиесілі 13 дәріханада болды. 6 дәріханада препараттарды рецепті бойынша жіберуде (ҚР ӘҚК-нің 426-бабында көзделген) бұзушылықтар анықталды», - деп хабарлады Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ «№1 Атырау қалалық емханасы» ҚМК-да лицензиялау нормаларының бұзылуы анықталды. Бұдан бөлек, «морфин» есірткілік препаратының пайдаланылған ампулалары жойылмаған болып шықты. Әкімшілік  хаттама толтырылды.

«Рейд барысында есірткілік заттарды заңсыз жарнамалау және насихаттаудың 2 фактісі тіркелді. Жинақталған материалдар ІІД-нің Ақпараттарды есепке алу кітабына тіркеліп, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті Атырау облысы бойынша департаментіне жолданды», - делінген таратылған хабарламада.  

Есірткі заттарын заңсыз жарнамалау фактілері анықталған емдеу мекемелері ҚР ӘҚК-нің 423- бабына сәйкес жауапкершілікке тартылды. 

Соңғы жаңалықтар