+7 (701) 759 90 19
USD 385.55 EUR 426.57
RUB 6.05 CNY 54.77
Jańalyqtar

Атыраулық паратаэквондошы «Токио-2020» ойындарында бақ сынамақ

2019 жылғы 4 желтоқсан 07:36
Бөлісіңіз:
Атыраулық паратаэквондошы «Токио-2020» ойындарында бақ сынамақ

АТЫРАУ.ҚазАқпарат- Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің ұйымдастыруымен өткен «Алтын Самғау - 2019» спорттық сыйлығында «ең үздік паралимпиадалық спортшы» аталымында атыраулық Нұрлан Домбаев жеңімпаз болып танылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ҚХЛ: «Барыс» «Авангард» командасынан басым түсті Ақмолалық баскетболшы қыздар Қазақстан кубогының жеңімпазы атанды Ауыр атлетика: Илья Ильин Катар кубогына қатысады

Нұрлан Домбаев биыл ақпан айында Түркияда өткен әлем біріншілігінің алтын алқасын алды. Осылайша, паратаэквондодан екі дүркін әлем чемпионы атанды. Шілдеде Иорданияда өткен біріншілікте Азия чемпионы, қарашада Италияда болған турнирде Еуропа чемпионы болды. Осылайша, Нұрлан Домбаев 2019 жылы өткен байрақты бәсекелердің бәрінде көк байрағымызды желбіретіп, әнұранымызды шырқатты. Паратаэквондоға 2014 жылы келсе де, бүгінде Нұрлан 75 келі салмақта қарсылас шақ келтірмей, паратаэквондошылардың әлемдік рейтингінде көш басында тұр. Ендігі мақсат, келер жылы Жапонияда өтетін Паралимпиада ойындарында үздік танылу.

«Бала кезімнен спортқа жақын едім. Футбол, баскетбол, одан қалса каратэ, таеквандо сияқты шығыс жекпе-жектерін жақсы көретінмін. Екі қолымнан айрылғаннан кейін паратаеквондоға қатысу туралы ойлай бастадым. 2016 жылы жарыстарға шығып, сол жылы-ақ Еуропа чемпионы атандым. Мен спорттан өз жолымды таптым деп ойлаймын. Спортқа келгелі достарымның да қатары көбейді. Жалпы, қай спортшының да арманы Олимпиада чемпионы атану. Сол арманыма жетем деген ниеттемін», - дейді Нұрлан Домбаев. Айта кетейік, 38 жастағы Нұрлан Домбаев екі дүркін әлем, екі дүркін Азия және екі дүркін Еуропа чемпионы атанған алғашқы атыраулық спортшы.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Атырау облысы, Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Абай Абылайұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT